Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 10 тамыздағы № 221 бұйрығы
(2025.06.04. берілген өзгерістермен)
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидалары белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен cоң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің міндетін атқарушы | С. Құранбек |
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
Министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 10 тамыздағы
№ 221 бұйрығына
қосымша
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру
қағидалары
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 1-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру тәртібін айқындайды.