Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығы
(2023.16.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022.23.06. № ҚР ДСМ-56 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 51) және 94) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Дәрілік заттардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Дәрілік заттардың бағаларын реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 19 сәуірдегі ҚР ДСМ-42 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18573 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде, 2019 жылғы 03 мамырда тіркелді) күші жойылды деп танылсын;