ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2019.30.10. № 813 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 28 тамыздағы
№ 666 бұйрығына
2-қосымша
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 433 бұйрығымен күші жойылды
«Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнде мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.30.10. берілген өзгерістермен)
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. «Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Портының теңiз әкiмшiлiгiмен (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - порталы) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлікті және кемеге меншік құқығы туралы куәлікті, кеменi Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен, Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тiзiлiмiнен алып тастау туралы куәлiкті;
2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11354 болып тіркелген «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 558 бұйрығымен бекітілген «Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартының (бұдан әрі - стандарт) 12-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы беру болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2-бөлім. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiндегi құрылымдық бөлімшелердегі