Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 196 бұйрығы
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми веб-сайтына орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
| Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі | И. Тасмағамбетов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
күзет қызметінің бастығы
генерал-майор
А.Күреңбеков
2015 жылғы 15 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетітінің төрағасы
Н. Әбіқаев
2015 жылғы 1 маусым
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал лейтенанты
Қ. Қасымов
2015 жылғы 28 сәуір
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2015 жылғы 15 сәуірдегі
№ 196 бұйрығымен