«Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 159 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10069 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті белгіленген заңнамалық тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Көлік министрі | М. Карабаев |
Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2025 жылғы 20 мамырдағы
№ 159 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2014 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 247 бұйрығымен
бекітілген
Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының
тізбесі
1. Ақтөбе - Атырау.
2. Ақтөбе - Маңғыстау.
3. Алматы - Ақтөбе.
4. Алматы - Атырау.
5. Алматы - Балқаш.
6. Алматы - Достық.
7. Алматы - Жезқазған.
8. Алматы - Қонаев.
9. Алматы - Қостанай.
10. Алматы - Құлсары.
11. Алматы - Локоть.
12. Алматы - Маңғыстау.
13. Алматы - Өзіңкі.