Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 193 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
1 «Тұрғын үй шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
279 «Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
048 «Жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және салу үшін кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
«005 Ішкі қарыздар есебінен»;
517 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық шаруашылық басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
046 «Жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және салу үшін кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
«005 Ішкі қарыздар есебінен»;
518 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың энергетика басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 046 бюджеттік бағдарламасы және 005 және 015 кіші бағдарламаларымен толықтырылсын:
«046 Жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және салу үшін кредит беру
005 Ішкі қарыздар есебінен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында:
1 «Ауыл шаруашылығы» функционалдық кіші тобында: