Шахтинск қаласының 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеті туралы
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 304/7 шешімі
Осы редакция 2024 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. 2024-2026 жылдарға арналған Шахтинск қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 8 517 564 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 2 334 764 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 30 861 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 61 041 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 6 090 898 мың теңге;
2) шығындар - 8 517 564 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджеттің дефициті (профициті ) - 0 мың теңге;
6) бюджет дефицитін (профицитін пайдалану) қаржыландыру - 0 мың теңге:
қарыздар түсімдері - 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылған қалдықтары - 0 мың теңге.
2. 2024-2026 жылдарға Шахтинск қалалық бюджеттен кенттердің бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 4, 5, 6 қосымшаларға сәйкес қарастырылғаны ескерілсін.
3. 2024-2026 жылдарға Шахтинск қалалық бюджеттен кенттердің бюджетіне берілетін бюджеттік нысаналы трансферттер көлемі 7, 8, 9 қосымшаларға сәйкес қарастырылғаны ескерілсін
4. 2024 жылға арналған Шахтинск қалалық бюджетті бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі 10 қосымшаға сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлумен бекітілсін.