Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығы
(2018.30.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 13 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясаты және қаржы құралдары департаменті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018.30.10. № 441 бұйрығымен қағидалары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 9-1/71 бұйрығымен
бекітілген
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер