«Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 373 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2026 жылғы 7 қазандағы № 256 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 373 бұйрығына (бұдан әрі - Қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24430 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Бұйрықтың мемлекеттік тілдегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Иесіз қалдықтарды басқару қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
8-қосымша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;