Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1092 Қаулысы
(2023.27.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 5 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар Жоспардың 16 және 17-тармақтарында көзделген заң жобаларын қоспағанда, заң жобаларын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Жоспарда айқындалған айдың 1-күнінен кешіктірмей және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспарда айқындалған айдың 1-күнінен кешіктірмей ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
ҚР Үкіметінің 2023.01.03. № 173 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.24.05. № 398 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.26.05. № 410 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.10.08. № 662 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.27.09. № 839 Қаулысымен (бұр.ред.қара) жоспар өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1092 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған
жоспары
| Р/с № | Заң жобасының атауы | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Ұсыну мерзімі | Заң жобаларын сапалы әзірлеуге және уақтылы енгізуге жауапты адам |
| Әділет-мині | Үкімет | Парламент |
| | | | | | |