Астана қаласының әлеуметтік маңызды қатынастарының тізбесін бекіту туралы
Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 маусымдағы № 27/4-V шешімі
(2016.03.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Астана қаласы мәслихатының 2013.13.12. № 197/28-V шешімімен тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «бағыттар» сөзі «қатынастар» сөзімен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 14 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қосымшаға сәйкес Астана қаласының әлеуметтік маңызды қатынастарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
| Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы | М. Шекенов |
| Астана қаласы мәслихатының хатшысы | С. Есілов |
Астана қаласы мәслихатының 2013.13.12. № 197/28-V шешімімен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); Астана қаласы мәслихатының 2014.28.05. № 242/34-V шешімімен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 295/43-V шешімімен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді; 2016.03.06. № 22/5-VI шешімімен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Астана қаласы мәслихатының
2012 жылғы 6 маусымдағы
№ 27/4-V шешіміне
қосымша
Астана қаласының жолаушыларды тасымалдаудың әлеуметтік маңызды қатынастарының
тізбесі
| Р/с № | Бағдардың № | Қатынас |
| 1 | 2 | 3 |
| Қалалық қатынас |
| 1. | 1 | «Газмашаппарат» ашық акционерлік қоғамы - Ойыл көшесі |
| 2. | 2 | «Бал бала» балабақшасы - Промышленный тұрғын алабы |
| 3. | 3 | Теміржол вокзалы - «Сарайшық» тұрғын үй кешені |
| 4. | 4 | «Гранд Астана» тұрғын үй кешені - Көктал-2 тұрғын алабы |
| 5. | 5 | «Строймарт» гипермаркеті - Көктал-1 тұрғын алабы |
| 6. | 6 | «Астанаинерт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - Ойыл көшесі |
| 7. | 7 | Промышленный тұрғын алабы - «Бал бала» балабақшасы |
| 8. | 8 | «Достар-1» тұрғын үй кешені - Көктал-1 тұрғын алабы |
| 9. | 9 | Теміржол вокзалы - «Интернациональный» тұрғын алабы |
| 10. | 10 | Теміржол вокзалы - Астана халықаралық әуежайы |