2022 – 2024 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті туралы
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 158 шешімі
(2022.12.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 2 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2022.24.01. № 163 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.12.04. № 181 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2022 – 2024 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 9 453 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 9 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 9 444 мың теңге;
2) шығындар – 16 466 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 7 013 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 7 013 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 7 013 мың теңге.
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2022.12.04. № 181 шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. 2022 жылға арналған Жезқазған кентінің бюджеті түсімдерінің құрамында жергілікті бюджеттен Жезқазған кентінің бюджетіне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі 9 444 мың теңге сомасында ескерілсін.
3. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы | Т. Хмилярчук |