Дербес деректер субъектілерін дербес деректердің қауіпсіздігін бұзу туралы хабардар етуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2024 жылғы 9 тамыздағы № 481/НҚ бұйрығы
(2026.12.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2026 жылғы 7 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026.11.03. № 131/НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 24 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 352) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Дербес деректер субъектілерін дербес деректердің қауіпсіздігін бұзу туралы хабардар етуді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы | К. Тулеушин |