Қызылорда облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 434 шешімі
(2024.12.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 11 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларының 4-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті 45-сессиясының төрағасы | Ж. Ысқақ |
| Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы | К. Бисенов |
Қызылорда облыстық мәслихатының 2024.24.07. № 113 шешімімен қосымша жаңа редакцияда (2024 ж. 12 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қызылорда облыстық мәслихатының
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 434 шешіміне 1-қосымша
Қызылорда облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының
тізбесі