Введите номер документа
Прайс-лист

«Адвокаттармен көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 28 сентября 2018
Статус
Действующийвведен в действие с 29 октября 2018
Дата последнего измененияпятница, 28 сентября 2018

Адвокаттармен көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 бұйрығы

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 шілдедегі Заңының 28-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Адвокаттармен көрсет ілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

М. Бекетаев

 

Бекітілді

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2018 жылғы 28 қыркүйектегі

№ 1465 бұйрығы

 

 

Адвокаттармен көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізу

 қағидалары

 

1. Адвокаттармен көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізу Қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңның 28-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және адвокаттармен көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом