Введите номер документа
Прайс-лист

«Денсаулық сақтау министрінің және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2019 жылғы 5 қарашадағы № ҚР ДСМ-140 бұйрығы (2020.21.12. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датавторник, 5 ноября 2019
Статус
Действующийвведен в действие с 1 июня 2019
Дата последнего измененияпятница, 8 января 2021

Денсаулық сақтау министрінің және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2019 жылғы 5 қарашадағы № ҚР ДСМ-140 бұйрығы

(2020.21.12. берілген өзгерістермен)

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, 23-бабының 2-тармағына, 25-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі -Тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Министрдің міндетін атқарушы

К. Надыров

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушының

2019 жылғы 5 қарашадағы

№ ҚР ДСМ-140 бұйрығына

қосымша

 

 

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың

тізбесі

 

1. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020.21.12. № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом