Меншік иелерінің келісімі болған кезде Түркістан қаласының аумағындағы азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Түркістан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 29/131-VIII шешiмi
«Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Меншік иелерінің келісімі болған кезде Түркістан қаласының аумағындағы азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихат төрағасы | Г. Сарсенбаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Түркістан облысының
полиция департаменті»
мемлекеттік мекемесі
«КЕЛІСІЛДІ»
«Түркістан облысының
цифрландыру, мемлекеттік
қызметтер көрсету және
архивтер басқармасы»
мемлекеттік мекемесі
Түркістан қалалық мәслихатының
2025 жылғы 18 сәуірдегі
№ 29/131-VIII шешіміне қосымша
Меншік иелерінің келісімі болған кезде Түркістан қаласының аумағындағы азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы меншік иелерінің келісімі болған кезде Түркістан қаласының аумағындағы азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 21) тармақшасына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және меншік иелерінің келісімі болған кезде Түркістан қаласының аумағындағы азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады: