«Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/290 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2026 жылғы 4 маусымдағы № 11-1-4/309 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1.«Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/290 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлу қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелге сапарлары кезіндегі өкілдік мақсаттарға;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелге сапарлары кезінде өкілдік мақсаттарға арналған өкілдік шығындарға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өкілдік шығындар нормаларының 6-тармағында көрсетілген шығындар жатады.»;
9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: