ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019.10.01. № 2 бұйрығымен мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 21 сәуірдегі
№ 347 бұйрығына
2-қосымша
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Тауарлардың жекелеген түрлерiнің Қазақстан Республикасының аумағына экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.10.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының аумағына жекелеген тауарлар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері:
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асрылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жекелеген тауар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға берілетін рұқсат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы уәжделген жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.