Введите номер документа
Прайс-лист

«Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 185 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 112 бұйрығы

Информация о документе
Датасреда, 25 декабря 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 16 января 2025
Дата последнего изменениясреда, 25 декабря 2024

 «Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 185 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 112 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 185 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10669 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 119-бабына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тізбесін жүргізу қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 1 тамызға дейін өңірлік даму жөніндегі уәкілетті органға заңды тұлғаны Қала құраушы тұлғалар тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) енгізу бойынша ұсыныстарды және осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ол туралы ақпаратты береді.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Тізбеге өзгерістер ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке дейін жылына бір рет енгізіледі.»;

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом