Введите номер документа
Прайс-лист

«Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 20 февраля 2015
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 января 2018

Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығы

 

ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығымен 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартты бекітілсін.

1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі

 

В. Школьник

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2015 жылғы 20 ақпандағы

№ 109 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом