Уәкілетті органның кәсіпорны көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемін және құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 199 бұйрығы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Уәкілетті органның кәсіпорны көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемін және құнын айқындау әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы | М. Карабаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі міндетін атқарушының
2023 жылғы 31 наурыздағы
№ 199 бұйрығына
қосымша
Уәкілетті органның кәсіпорны көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемін және құнын айқындау
әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер