Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 170 бұйрығы
(2025.27.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 10 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 130-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмелерін мемлекеттік және орыс тілінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 16 сәуірдегі
№ 170 бұйрығына
қосымша
Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу
шоттарының жоспары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары (бұдан әрі - Шоттар жоспары) мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінде операциялар мен оқиғаларды көрсету үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 130-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген.
2. Шоттар жоспары қаржылық есептілік элементтерін топтауға және құндық мәнде ағымдағы көрсетуге арналған.
2-тарау. Шоттар жоспарының құрылымы