Әлеуметтік маңызы бар субсидияланатын қатынастар сомаларын бекіту туралы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 421 Қаулысы
(2025.26.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2026 жылғы 1 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес әлеуметтік маңызы бар субсидияланатын қатынастар сомалары бекітілсін.
2. «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025.22.07. № 145 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (2025 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Ақтөбе облысы әкімдігінің