«Мемлекеттік органдардың жобалық басқаруының үлгілік регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 5 тамыздағы № 446/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік органдардың жобалық басқаруының үлгілік регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26582 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың жобалық басқаруының үлгілік регламентінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1. Осы Мемлекеттік органдардың жобалық басқаруының үлгілік регламенті (бұдан әрі - Үлгілік регламент) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 43-1-бабының үшінші бөлігіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 297) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерді, ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмыскерлерін, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін және басқа да мүдделі тараптарды қоса алғанда, жобалау қызметіне қатысушылардың өзара іс-қимылын көздейді.
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Үлгілік регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аджайл (аgile) - «икемді» басқару әдіснамасының құндылықтары мен қағидаттарын айқындайтын жобалық басқарудағы жалпыланған термин;