Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығы (2023.17.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Информация о документе
Датачетверг, 13 января 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 4 февраля 2022
Дата последнего изменениявоскресенье, 17 сентября 2023

Мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығы

(2023.17.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 43-1-бабының үшінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламенті бекітілсін.

2. «Мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 57 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23023 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Жобалық басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

 

А. Куантыров

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының Ақпарат

және қоғамдық даму министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Әділет министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Бас прокуратурасы

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті

қорғау және дамыту агенттігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом