Бақылау белгілерін, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілерін анықтау қағидаларын бекіту және «Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін басқаша айқындау мүмкіндігінің болу жағдайын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 113 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 56 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 4) тармақшасының бесінші абзацына, 10) тармақшасының үшінші абзацына, 11) тармақшасының үшінші абзацына, 35) тармақшасының бірінші абзацына, 9-бабы 5-тармағының 8) тармақшасына, 6-тармағының 6) тармақшасына, 12-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бақылау белгілерін, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілерін анықтау қағидалары бекітілсін.
2. «Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін басқаша айқындау мүмкіндігінің болу жағдайын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 113 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18996 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін басқаша айқындау мүмкіндігінің болу жағдайын белгілеу туралы»;
кіріспесі және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: