Өсімдік шаруашылығындағы қадағалау жүйесіне құжаттама әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 295 бұйрығы
(2024.14.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 732 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021 - 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасының «Агроөнеркәсіптік кешенде қадағалау жүйесін енгізу және ұстау» 11-іс-шарасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамында өсімдік шаруашылығындағы қадағалау жүйесіне құжаттама әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2024.26.04. № 140 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрдің м.а. 2024.14.10. № 351 бұйрығымен (бұр.ред.қара) құрамы жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2023 жылғы 4 тамыздағы
№ 295 бұйрығына
қосымша
Өсімдік шаруашылығындағы қадағалау жүйесіне құжаттама
әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы
| Азат Сиражиддинұлы Сұлтанов | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, жұмыс тобының басшысы; |
| Бағлан Әбдірәшімұлы Бекбауов | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі; |
| Бернат Қанатұлы Алпысбеков | - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру департаментінің директоры; |
| Дархан Есентемірұлы Әбдікәрімов | - Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы; |
| Әлем Жұмабекұлы Жұмабеков | - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және агроөнеркәсіптік кешендегі цифрландыру департаменті директорының орынбасары; |