2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 187 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 578 Қаулысы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 41, 79 және 111-баптарына және «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
2. «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 187 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберіндегі іс-шараларды іске асыру үшін 2020 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттан 300 800 000 мың теңге мөлшеріндегі сома:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге берілетін 288 631 857 мың теңге сомасындағы нысаналы трансферттерді мынадай іс-шараларды қаржыландыруға аудару үшін бөлінсін:
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көліктік инфрақұрылым объектілерін, әлеуметтік-мәдени объектілерді жөндеуге және елді мекендерді абаттандыруға - 170 821 878 мың теңге;