Осы редакция 2019 жылғы 18 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Энергетика министрінің 2017.07.03. № 83 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 132 бұйрығына
7-қосымша
«Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.29.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Энергетика министрінің 2019.29.01. № 30 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы жүгінген кезде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап көрсету мерзімі:
1) газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлігін (бұдан әрі - куәлік) берген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні;
2) куәлікті қайта ресімдеу кезінде мынадай жағдайларда:
газ желісі ұйымының газ толтыру станциясының мекенжайы өзгергенде - 5 (бес) жұмыс күні;
егер газ желісі ұйымының екі және одан да көп газ толтыру станциясы бар болғанда, меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі газ толтыру станциясының біреуін иелену тоқтатылған кезде - 5 (бес) жұмыс күні;
газ желісі ұйымының есептік деректеріне рұқсат беру талаптарына сәйкес келетін қосымша газ толтыру станциясын қосу - 15 (он бес) жұмыс күні;