«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2019 жылғы 19 тамыздағы № 895 бұйрығы
3-тармаққа сәйкес 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет етті
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі:
мынадай мазмұндағы 187-3-тармақпен толықтырылсын:
«187-3. Мемлекеттік мекеменің берешекті өтеуге шарт жасасу жолымен мемлекеттік мекеменің есептілігінде оларды көрсеткен жағдайда ағымдағы қаржы жылында қосымша бөлінген қаражат есебінен жол қозғалысы және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында халыққа көрсетілген мемлекеттік қызмет үшін ағымдағы қаржы жылының берешегін төлеуіне жол беріледі.