Ұлытау облыстық мәслихатының IX сессиясының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 95 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ұлытау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 ақпандағы № 108 шешімі
ШЕШТІ:
1. Ұлытау облыстық мәслихатының IX сессиясының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 95 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі №190686) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 135 985 129 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 45 568 999 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 815 472 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 89 600 658 мың теңге;
2) шығындар - 138 731 029 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 5 125 031 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 7 513 816 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 2 388 785 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -7 870 931 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 7 870 931 мың теңге:
қарыздар түсімі - 6 713 816 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 2 411 732 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 3 568 847 мың теңге.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2024 жылға арналған аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемі 10 453 297 мың теңге сомасында ескерілсін, оның ішінде:
Жезқазған қаласынан - 8 765 083 мың теңге,
Ұлытау ауданынан - 1 688 214 мың теңге.»
көрсетілген шешімнің 1, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.