Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы табыс етілетін салықтық өтініштер тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 275 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 477 бірлескен бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 630 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1189 бірлескен бұйрығымен 2016 жылғы 1 наурыздан бастап күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 76 бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы табыс етілетін салықтық өтініштердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңмен белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):