«Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер» және «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 08-1-1-1/114 бұйрығы
(2024.16.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 17 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2018.17.01. № 11-1-4/18 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Сыртқы істер министрінің 2019.06.05. № 11-1-4/201 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.06.05. № 11-1-4/199 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Сыртқы істер министрінің 2022.06.05. № 11-1-4/199 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 78) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2018.17.01. № 11-1-4/18 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Сыртқы істер министрінің 2019.06.05. № 11-1-4/201 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.06.05. № 11-1-4/199 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер» және «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидалары бекітілсін.