Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 2 маусымдағы
№ 130 бұйрығына
6-қосымша
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021.20.08. № 337 бұйрығымен күші жойылды
«ІІ, ІІІ және ІV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «ІІ, ІІІ және ІV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызмет «ІІ, ІІІ және ІV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік қызмет облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы өтініш береді:
1) II және III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасының 1-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін өтінім;