Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылай қолдау беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 332 Қаулысы
(2025.21.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2024.31.12. № 1156 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2024.31.12. № 1156 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 8-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2024.31.12. № 1156 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылай қолдау беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
ҚР Үкіметінің 2024.31.12. № 1156 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (2025 ж. 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2021 жылғы 20 мамырдағы
№ 332 қаулысымен
бекітілген
Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылай қолдау ұсыну
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылай қолдау ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 8-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылай қолдау ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: