Арнаулы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімін берушіні айқындау, сондай-ақ одан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 815 Қаулысы
Осы редакция 2025 жылғы 5 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) арнаулы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімін беруші болып айқындалсын.
2. Қоса беріліп отырған кәсіпорыннан сатып алынатын, арнаулы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімінің тізбесі бекітілсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, бірақ ерте дегенде 2025 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 3 қазандағы
№ 815 қаулысына
қосымша
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын, арнаулы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімінің
тізбесі
1. Ассистентура-тағылымдаманы аяқтағаны туралы куәлік.
2. Астық қолхаттарының бланкілері.
3. Аңшы куәлігі.
4. Ағаш кесу билеті.
5. Әскери билеттер.
6. Әскери тасымалдау құжаттары - 1-нысандағы талап, 2-нысандағы талап-жүкқұжат, 3-нысандағы талап, багаж талоны.
7. Білім алуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтама.
8. Бағалы қағаздардың бланкілері.
9. Вексельдердің бланкілері.
10. Визалық жапсырмалар.
11. Кандидат ғылыми дәрежесі берілетін диплом.
12. Философия докторы (PhD) дәрежесі берілетін мемлекеттік үлгідегі диплом.
13. Кандидат ғылыми дәрежесі берілетін диплом (қайта аттестаттау).
14. Қауымдастырылған профессор (доцент) аттестаты.