«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 3 ақпандағы № 32-Ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 73-Ө бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 3 ақпандағы № 32-Ө бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі | Е. Нысанбаев |