Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесін бекіту туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 тамыздағы № 506-1613 Қаулысы
«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Рспубликасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласының әкімі | Ж. Қасымбек |
Астана қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 11 тамыздағы
№ 506-1613 қаулысына
қосымша
Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың
афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар
тізбесі
| Р/с № | Ғимараттарының алдында афишалар орналастыруға арналған орындары бар мәдени объектілердің тізбесі |
| 1 | 2 |
| 1. | «Алматы» ауданы, Абылайхан даңғылы, № 4/1 үй, Орталық қалалық кітапхана ғимаратының алдында |
| 2. | «Алматы» ауданы, А. Петров көшесі, № 14/2 үй, № 5 көпшілік кітапхана ғимаратының алдында |
| 3. | «Алматы» ауданы, «Интернациональный» кенті, Мереке көшесі, 1А, № 7 жалпы кітапхана ғимаратының алдында |
| 4. | «Алматы» ауданы, «Мичурино» кенті, Көкіл көшесі № 17/1, № 10 көпшілік кітапхана ғимаратының алдында |
| 5. | «Алматы» ауданы, Шалкөде көшесі, № 2 үй, № 15 жалпы кітапхана ғимаратының алдында |
| 6. | «Алматы» ауданы, Қ. Сәтбаев көшесі, № 5 үй, № 4 балалар кітапханасы ғимаратының алдында |
| 7. | «Алматы» ауданы, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, № 25/3 үй, № 5 балалар кітапханасы ғимаратының алдында |