Жезқазған қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы XVI сессиясының № 16/156 «2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 тамыздағы сессиясының № 26/235 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы XVI сессиясының № 16/156 «2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4517 тіркелген, 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде, 2018 жылғы 12 қаңтардағы №02 (8065), 2018 жылғы 19 қаңтардағы №03 (8066), «Сарыарқа» газетінде, 2018 жылғы 12 қаңтардағы №1 (207), 2018 жылғы 19 қаңтардағы №2 (208) «Жезказганский вестник» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 12445527 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 7366863 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 45019 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 53156 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 4980489 мың теңге,
2) шығындар - 13365976 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 368721 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 400029 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 31308 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - алу 1289170 мың теңге;