2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 16/156 шешімі
(2018.27.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2018.22.05. № 23/213 шешімімен (бұр.ред.қара); Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2018.24.08. сессиясының № 26/235 шешімімен (бұр.ред.қара); Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2018.27.11. № 28/256 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 12187933 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 7373738 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 39869 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 51431 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 4722895 мың теңге;
2) шығындар - 13086213 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 367338 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 398646 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 31308 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - алу 1265618 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1265618 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері - 571426 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 31308 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 725500 мың теңге.
2. 2018 жылға арналған қала бюджеті түсімдерінің құрамында облыстық бюджеттен 1297220 мың теңге сомасындағы субвенциялар көзделгені ескерілсін.