Өңірлік көркемдік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 15 бұйрығы
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өңірлік көркемдік кеңестер туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі | А. Раимкулова |
Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
2021 жылғы 25 қаңтардағы
№ 15 бұйрығымен бекітілген
Өңірлік көркемдік кеңестер туралы
үлгілік ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өңірлік көркемдік кеңестер туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Үлгілік ереже) «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Музей-кітапхана ісі, театр-цирк өнері, музыкалық-концерттік қызмет жөніндегі өңірлік көркемдік кеңестер (бұдан әрі - Кеңес) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) жанындағы консультативтік-кеңесші органдар болып табылады.