Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 105 бұйрығы
(2018.10.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Энергетика министрінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 345-н/қ бұйрығымен күші жойылды
4-тармаққа сәйкес 2019 жылдың 1 қантарына дейін қолданылды
ҚР Энергетика министрінің 2016.31.05. № 228 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабының 70-23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
ҚР Энергетика министрінің 2015.30.11. № 676 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 1 қантарына дейін күшке ие.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев