«Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 140 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) Ережесі бекітілсін.
2. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Орынбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 24 сәуірдегі
№ 140 қаулысымен бекітілген
«Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жамбыл облысының аумағында Қазақстан Республикасының энергетика, жылу энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сумен жабдықтау және су бұру салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.