Уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен жүйелеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 тамыздағы № 477 Қаулысы
(2021.18.03. берілген өзгерістермен)
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 52-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен жүйелеуді жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. «Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 1146 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №62, 852-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 24 тамыздағы
№ 477 қаулысымен бекітілген
Уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен жүйелеуді жүргізу
қағидалары
1. Осы Уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен жүйелеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 52-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар уәкілетті органдар өздері қабылдаған нормативтік құқықтық актілер бойынша нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен жүйелеуді жүргізу тәртібін айқындайды.
3. Нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен жүйелеу заңнаманың қолжетімділігін, оны пайдалану ыңғайлылығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2021.18.03. № 145 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)