Техникалық реттеу, метрология саласындағы және Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуы бойынша тәуекел дәрежесінің бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1199 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 826 бірлескен бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес техникалық реттеу, метрология саласындағы және Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау аясында тексеру парақтары;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес метрология саласындағы мемлекеттік бақылау аясында тексеру парақтары;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау аясында тексеру парақтары бекітілсін.
2. «Техникалық реттеу және метрология саласындағы тәуекел дәрежесінің бағалау критерийлерін және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 728 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 шілдедегі № 501 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11831 тіркелген, 2015 жылғы 21 тамыздағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.