2025-2026 оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2025 жылғы 5 маусымдағы № 295 бұйрығы
(2025.22.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 ж. 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024 - 2025, 2025 - 2026, 2026 - 2027 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 118 бұйрығының 1-тармағының 4) тармақшасына, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру, бөлу және орналастыру жөніндегі комиссияның 2025 жылғы 30 мамырдағы № 01/2 хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2025 - 2026 оқу жылына білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистрлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2025 - 2026 оқу жылына ғылыми-педагогикалық және бейінді магистратурада оқытуға арналған өңірлік ЖЖОКБҰ-ларда жекелеген грант түріндегі мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 2025 - 2026 оқу жылына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.