Мәслихаттың 2023 жылғы 2 қарашадағы № 76 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 қыркүйектегі № 161 шешімі
Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 2 қарашадағы № 76 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10075 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармақ мына мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
6-тармақта:
14) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«14) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, қайтыс болған күні еңбек мобильділігі орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген, қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың адамдарына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, бір рет, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
мына мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын: