Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығы (2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датапонедельник, 11 ноября 2019
Статус
Действующийвведен в действие с 11 ноября 2019
Дата последнего изменениячетверг, 1 января 2026

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы

(2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1 және 19-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi одан Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2-тармақ 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже;

2) Агенттіктің құрылымы бекітілсін.

ҚР Президентінің 2022.15.07. № 961 Жарлығымен (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.28.03. № 157 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Агенттіктің жалпы штат саны 595 бірлік болып бекітілсін.

4. Агенттік берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

6. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

8. Осы Жарлық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 2, 3-тармақтарын және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом