Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын және жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 749 бұйрығы
(2017.16.03. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары және жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі | Е. Досаев |
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 749 бұйрығымен бекітілген
Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік
қызметтер көрсету қағидалары және жобаны басқару жөніндегі
қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын
біліктілік талаптары
1. Жалпы ережелер